2026 жылғы 16 ақпанда Ualikhanov University жанындағы Күміс университет тыңдаушыларына Қазақстандағы интернет-алаяқтық және дропперлік мәселелері бойынша қонақ дәріс өткізілді.Іс-шара азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Құқық кафедрасының оқытушысы Мырзаханов Е.Н. ұйымдастырды.Кездесуге Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Калиулин Омар шақырылды. Ол интернет-алаяқтықтың ең кең таралған тәсілдері туралы баяндап, құқыққа қарсы әрекеттердің негізгі белгілерін атап өтті және қызметтік тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар осындай қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты өзекті статистикалық мәліметтер ұсынылды.Талқылау барысында тыңдаушылар қалалық қоғамдық көлікте орын алуы мүмкін дропперлік фактілер туралы өз бақылауларымен бөлісті. Атап айтқанда, кейбір жастар бөгде азаматтардан жол ақысын төлеп беруді сұрап, қаражатты Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірі бойынша аударуды ұсынатыны айтылды. Спикер мұндай жағдайлардың тәуекелдерін түсіндіріп, қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты практикалық ұсыныстар берді.Қатысушылар қауіп-қатерлер туралы хабардар болғанымен, бейтаныс нөмірлерден қоңырау түскен кезде алаңдаушылық сезінетіндерін атап өтті. Тыңдаушылар мазмұнды әрі пайдалы кездесу үшін Құқық кафедрасына алғыс білдірді.