Республика күніне арналған Ғылым және жоғары білім министрлігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Байқауға студенттер мен магистранттар қатысты. Байқау екі кезеңде өтті. Байқаудың бірінші кезеңіне 45 студент қатысты. Үздік үш жұмыс грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жоғары медицина мектебінің 3 курс студенті Мұхамедина Азалияның эссесі үздік деп танылды. Азалия марапаттау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне шақырылды.