Қазіргі қоғамда сайлау демократиялық, құқықтық мемлекеттің белгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының әрбір кәмелетке толған және әрекетке қабілетті азаматы сайлау құқығына ие.
2024 жылғы 1 ақпанда Бүкіләлемдік сайлау күні атап өтіледі, ол 2005 жылы Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында құрылған және жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеудің бастамашысы - Еуропа елдерінің сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы (ЕҚЫҰ), Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.
Студент жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыру үшін сайлау саласының өзекті мәселелері бойынша ашық дәріс ұйымдастырылды. Құқық кафедрасының лекторы, заң ғылымдарының магистрі Наурызбаев Еран Амангелдіұлы дәріс спикері болды.