2026 жылғы 2 - 3 ақпан күндері Ualikhanov University-де Erasmus+ CBHE DIANA халықаралық жобасының екікүндік ресми іске қосу кездесуi өтті. Жобаның тақырыбы: «Қазақстан мен Өзбекстандағы ауылдық туризм саласында кәсіпкерлікті дамыту арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту».

DIANA жобасы ауылдық аймақтарда тұратын әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыруды көздейді. Жоба ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту арқылы Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуының басым бағыттарының бірін қолдайды. Жобаны іске асыру мерзімі - 36 ай.

Ualikhanov University үшін бұл жоба стратегиялық маңызға ие - университет алғаш рет Erasmus+ еуропалық жобасының грант иесі болып тағайындалып, жобаны кешенді басқаруды, халықаралық консорциум жұмысын үйлестіруді және негізгі іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүргізілуде.

DIANA жобасының халықаралық консорциумы құрамына келесі серіктестер кіреді:

Қазақстан Республикасы: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Ualikhanov University), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы;
Өзбекстан Республикасы: Нүкіс мемлекеттік техникалық университеті (NSTU), The International Agriculture University, SABR әлеуметтік-экономикалық даму ұлттық орталығы, Silk Road International University of Tourism;
Португалия: Universidade Portucalense Infante D. Henrique (UPT);
Германия: Hochschule Wismar – University of Applied Sciences (HSW).

Жобаның негізгі бағыттары:
• Потенциалды дамыту және адами капиталға инвестициялау - Қазақстан мен Өзбекстанның серіктес жоғары оқу орындарында ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметті тиімді дамытуға бағытталған заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу;
• Еуропалық тәжірибемен алмасу - Португалия мен Германияның сарапшыларының озық тәжірибелерімен алмасу арқылы тұрақты және экологиялық туризм салаларына инновациялық және тиімді әдістерді енгізу.
• Кәсіби нетворкингті дамыту және кәсіпкерлік құрылымдармен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты және тиімді өзара байланысты орнату және нығайту.
Кездесу барысында жобалық топтар 2025 - 2028 жылдарға арналған жобаны іске асырудың жол картасын, басқару құрылымын, серіктестер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ әкімшілік, қаржылық және коммуникациялық рәсімдерді бекітті.

Кездесудің екінші күні ауылдық өңірлердегі әйел кәсіпкерлердің қатысуымен нетворкинг-сессиясы ұйымдастырылып, академиялық қауымдастық пен нақты экономика секторы өкілдері арасында тікелей диалог орнатылды.

DIANA жобасын іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және әйелдердің кәсіби әрі кәсіпкерлік құзыреттерін арттыру арқылы адами капиталды нығайтуға бағытталған. Жоба нәтижесінде гендерлік теңдікті нығайтуға, әйелдердің әлеуметтік қорғалуын және экономикалық дербестігін арттыруға, сондай-ақ олардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосылады деп күтілуде.

DIANA жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келеді. Жоба әсіресе гендерлік теңдікті (ТДМ 5), құқықты және тиімді еңбек пен экономикалық өсуді (ТДМ, сапалы білім беруді (ТДМ 4), әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті азайтуды (ТДМ 10), сондай-ақ тұрақты тұтыну мен өндірісті қамтамасыз етуді (ТДМ 12) қолдауға бағытталған.