Ualikhanov University-де Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен нашақорлықтың алдын алу бойынша есірткіге қарсы «Есірткісіз өмір: сенің таңдауың!» тақырыбында форум өтті.
Кездесуге студенттер, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ бұрын есірткіге тәуелді болған адамдар қатысты. Бұрынғы нашақорлар өз оқиғаларымен бөлісіп, есірткіні қолданудың ауыр зардаптары және тәуелділікті қалай жеңуге болатындығы туралы айтты.
Бұл форум есірткінің қаншалықты үлкен қауіп төндіретінін еске түсіріп, салауатты және байсалды болашақты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Әрқайсымыз есте ұстауымыз керек: есірткісіз өмір – бұл еркіндік, денсаулық және мүмкіндік!