Ualikhanov University-де Ақмола облысы үшін кадрлар қажеттілігінің өңірлік картасын әзірлеуге арналған форсайт сессиясы өтті. Өңірлік кәсіптердің бұл атласы ҚР Үкіметінің «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарына сәйкес іске асырылатын «Мамандығым – болашағым» жобасы шеңберінде әзірленуде. Жоба кадрларды озық даярлау жүйесін құруға бағытталған, бұл өңірдегі басым салаларда сұранысқа ие білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.