Ualikhanov University-де институттар арасында Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «Ректор кубогы – 2026» Жайдарман ойыны өтті.

  • Бас жүлде үшін «Жайдарман» лигасының төрт командасы бақ сынады:
  • «Көкше жастары» – Педагогикалық институт
  • «Аристократ» – Агротехникалық институт
  • «Diamond» – Shoqan көпсалалы колледжі
  • «Дофамин» – Жоғары бизнес мектебі

Қатысушылар өз өнерлерінде цифрландыру, жасанды интеллект және студенттік өмір тақырыптарын шебер ұштастырып, тапқырлық пен креативтіліктің жоғары деңгейін көрсетті

  • Ойын қорытындысы бойынша «Ректор кубогы – 2026» иегері атанған Педагогикалық институттың «Көкше жастары» командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық командаларға жарқын әрі тартысты ойын үшін алғыс білдіреміз!