2026 жылғы 20 ақпанда Ualikhanov University алаңында «Заманауи білім беру тәжірибелері және микробіліктіліктер» атты ғылыми-білім беру сессиясы өтті. Іс-шара «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының қатысуымен ұйымдастырылып, қала мектептерінің мұғалімдерін, университеттің профессор-оқытушылар құрамын және білім алушыларын біріктірді. Сессия «Murager» бағдарламасы аясында STEAM-білім беру саласында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған.

Іс-шараны ашу барысында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Динара Рыспаева және «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының бас директоры Дарын Сайынов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, сессия барысында университет оқытушылары жаратылыстану ғылымы пәндері мен STEM-технологияларын оқытуға арналған курстар бойынша презентациялар жасады.

Аталған сессияның мақсаты - мектеп білім беру жүйесіне микробіліктіліктерді және заманауи білім беру практикаларын енгізудің өзекті тәсілдерін таныстыру, сондай-ақ педагогтердің STEAM-білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Сессия университет студенттеріне «STEM-педагог» микробіліктіліктілігі бойынша сертификаттар тапсырумен аяқталды. Іс-шара педагогтарға тәжірибе алмасуға, STEM аясында заманауи оқыту әдістерін талқылауға мүмкіндік берсе, студенттерге - болашақ педагогтарға озық әдістемелермен танысып, кәсіби құзыреттілікті дамытуға практикалық кеңестер алуға жағдай жасады.