Ualikhanov University-де Shanghai University of Finance and Economics (SUFE) халықаралық студенттік амбассадоры Айтбеков Мейірлі кәсіби бағдар беру аясында Педагогикалық институт пен Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттерімен кездесу өткізді.

SUFE университетінің магистранты Мейірлі студенттерді Шанхай қаласындағы экономика, бизнес және қаржы салаларына маманданған жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінде білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды. Сондай-ақ тілдік дайындық, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, шетелдік талапкерлерге қойылатын талаптар мен оқу үдерісінің ерекшеліктері жөнінде ақпаратпен бөлісті. Кездесу барысында студенттер университетке түсу және Қытайда білім алу мүмкіндіктері туралы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай кездесулер университеттің халықаралық байланыстарын нығайтып, Ualikhanov University студенттері үшін халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді.