Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде техника ғылымдарының кандидаты Лоскутова Галина Андреевнаның 75 жылдық мерейтойына арналған...
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде техника ғылымдарының кандидаты Лоскутова Галина Андреевнаның 75 жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологияның қазіргі трендтері мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараны химия және биотехнология кафедрасы ұйымдастырды.
2002 жылдан бастап Лоскутова Г.А. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қызмет атқарып келеді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы ол «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «Биотехнология» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындаумен айналысып, жоғары білікті педагог, тәжірибелі тәлімгер және оқу процесін ұйымдастырушы ретінде өз беделін қалыптастырды.
Лоскутова Г.А. төрт монографияның, 200-ден астам ғылыми жарияланымдардың, 30-дан астам оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы, сондай-ақ үш патенттің иегері. Оның ғылыми зерттеулері мен педагогикалық қызметі биотехнология саласын дамытуға, білікті мамандарды даярлауға және университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Дөңгелек үстелге Г.А. Лоскутованың әріптестері – «Алғабас» оқу-консультациялық орталығынан (Көкшетау), Ақмола облысының Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы филиалынан (Көкшетау), И. И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінен (Барнаул, Ресей), сондай-ақ «KaзАгроСараптама» ЖШС, Ақмола облысы полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінен (Көкшетау), «Milk project» сүт зауытынан (Садовое) шәкірттері және отбасылық достары қатысты. Қатысушылар көп жылдық ғылыми-педагогикалық еңбегі үшін Галина Андреевнаға шын жүректен алғыс айтып, құрмет көрсетті.
Университет ұжымы Галина Андреевнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, оның көп жылғы адал еңбегі, ғылымға қосқан елеулі үлесі мен жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан зор еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Оған мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жүрек жылуы, қуаныш пен үйлесімге толы ұзақ ғұмыр тілейді.