Бүгін Ualikhanov University алаңында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Worktech: Ақмола облысының инновациялық экономикасына арналған кадрлар» өңірлік конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты - өңірдің инновациялық экономикасы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау бағытында жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер мен жұмыс берушілер арасында тиімді өзара іс-қимыл платформасын қалыптастыру.
Конференцияға Ақмола облысының білім басқармасы, жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, колледж директорлары, бизнес өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Бағдарлама аясында өңірлік кейстер мен микробіліктіліктер таныстырылып, білім беру жүйесіне микробіліктіліктерді енгізу мәселелері бойынша панельдік пікірталастар өтті. Сондай-ақ білім беру ұйымдары мен өңір кәсіпорындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Конференция қорытындысы бойынша келесі ұйымдармен меморандумдарға қол қойылды:
«Алғабас» оқу орталығы
Ақмола облысының туризм және демалыс индустриясы ассоциациясы
«Асық Арман» ЖШС
«Алтынтау Кокшетау» АҚ, Eurasia Group Kazakhstan
Burabay Hotel Management ЖШС
«Зерновая индустрия – Астана» ЖШС
Бұл конференция өңірдің инновациялық экономикасы үшін адами капиталды дамытуға бағытталған білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті нығайтуда маңызды қадам болды.