Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Қапышев А.К., Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Валишанов Р.Е., сондай-ақ ТЖД, Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері қатысты. Меморандум аясында тараптар келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды көздейді: - студенттердің тәжірибеден өтуі мен тағылымдамаларын ұйымдастыру;
- мансаптық іс-шараларды (диалог алаңдары, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, жұмыс берушілердің таныстырылымдары және т.б.) бірлесіп өткізу;
- университет студенттеріне арналған өндірістік және өзге де тәжірибе түрлерін ұйымдастыру;
- студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.
Университет басшылығы кадрларды даярлау саласында тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастық орнайды деген сенім білдіреді.