2023 жылғы 21 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өңірдің дамуындағы университет ғылымының рөліне арналған "Шоқан оқулары-27" атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстанның ұлттық университеттерінің, сондай-ақ АҚШ пен Англияның ғалымдары қатысты: биология ғылымдарының докторы, профессор, Жасуша биологиясы және биотехнологиясы ҒЗИ директоры Берсімбай Рахметқажы; Nazarbayev University профессоры Сарбасов Дос; физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Кутербеков Қайрат; медицина ғылымдарының докторы, Дрехел университетінің диетология институтының (АҚШ) директоры Вет Леонберг; ERG университетінің саяси ғылымдар магистрі Еrik Sootla; философия докторы, Линкольн Халықаралық бизнес мектебінің бағдарлама жетекшісі Арман Мажикеев, Ұлыбритания; т.ғ.к., Ш. Уәлиханов атындағы КУ ректорының кеңесшісі Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы.
Конференцияны университет ректоры М.К.Сырлыбаев ашып, аталған іс-шара жетекші отандық және шетелдік ғалымдарды біріктіретінін, ғалымдардың өзара тиімді ынтымақтастығын, жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, медициналық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-практикалық жұмыстарды одан әрі дамытуға негіз болатынын атап өтті. Сонымен қатар, қазақ халқының азаматы және патриоты Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын ілгерілетудің маңыздылығы туралы айтты.
Конференция 1985 жылдан басталып, 1992 жылдан жыл сайын өткізіліп келеді. Алғашқы кезеңдерде конференция республикалық мәртебеге, содан кейін халықаралық дәрежеге ие болды. Қазіргі уақытта конференция университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары үшін ерекше маңызды іс-шара болып табылады.
Конференцияда университет ұжымы Берсімбай Рахметқажы Искендировичті Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры атағын беруімен құттықтады.Рахметқажы Искендирович - профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі және академигі, ҚР ЖМ ҒА академигі, ЖМ ХҒА академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 500-ден астам жарияланымның авторы, 14 Хирш индексі бар. Ғалымның өмірбаянындағы ең маңыздысы - молекулалық биомедицинаның дамуына қосқан үлесі үшін әлемдік қауымдастықтың лайықты танылуы.
Ғалымның «Новая эпоха в биологии: от рекомбинантной ДНК к молекулярной биомедицине» тақырыбындағы бүгінгі баяндамасы бүкіл әлем жылдар бойы күресіп келе жатқан қорқынышты аурулардан адамзатты емдеуге үлкен үміт берді! Конференцияның пленарлық отырысындағы барлық баяндамаларында қатысушылар үшін құнды ақпарат болды.
Конференцияның толық бағдарламасы мен материалдары (пленарлық отырыс спикерлерінің тұсаукесерлері, қарар, конференция жинағы) университет сайтындағы "Ғылым" бөлімі, "Ғылыми конференциялар" кіші бөлімінде орналастырылады.