09.01.2025ж. Жоғары медицина мектебінде және С.Садвакасов атындағы Аграрлық институтында университет психологтары А. Манапова мен А. Абитаева "Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикумға қатысушылар "аутодеструктивті мінез-құлық, суицид" ұғымдарымен танысты. "Автобус аялдамалары" атты практикалық жұмыс барысында студенттер арасындағы суицидтің себептерін, суицидтік мінез-құлық көріністерінің ерекшеліктерін анықтады, суицидтік мінез-құлықпен өзара әрекеттесу және профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірледі.
"Менің өмірлік құндылықтарым", "Кім қай орында?" өмірге қызығушылықты қалыптастыруға, өмірлік құндылықтардың басымдықтарын қайта бағалауға ықпал етуге, өзін-өзі дамытуға түрткі болды.
Кураторлар, эдвайзерлер семинар-практикум жұмысына белсенді қатысты, өз тәжірибелерінен жағдайлармен бөлісіп, бірлесіп әзірленген алдын алу шараларын қабылдады.