1 сәуір күні Ualikhanov University-де «AntiParaCraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест ойынының VI маусымының финалы өтті.

«AntiParaCraft» 2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мен Арнайы мониторингтік топтың қолдауымен өткізіліп келеді. Квест студенттер үшін дәстүрлі әрі танымал интеллектуалдық алаңға айналды. Соңғы 7 жылда қатысушылар тапқырлық, бастамашылық және командалық рухтарын көрсетті, ал ойын жастардың антикоррупциялық көзқарасын қалыптастыруда маңызды құрал болды.

Квесттің негізгі мақсаты - антикоррупциялық мәдениетті дамыту, адалдық, әділдік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

VI маусымда педагогикалық және агротехникалық институттардың, Жоғары медицина мектебі мен Бизнес және құқық мектебінің 1 курс студенттері екі ай бойы байқау тапсырмаларын орындап, видеороликтер түсіріп, эссе жазып, интеллектуалдық «Брейн-ринг» ойынына қатысты. Финалдық ойын барысында студенттер «Визиттік карточка» және капитандар байқауы «Менің антикоррупциялық жоспарым» конкурстарында бақ сынады.

Барлық кезеңдерді сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын компетентті әділқазы мүшелері бағалады. Әділқазы төрайымы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Братаева Р.Г.; әділқазы мүшелері - экономикалық тергеу департаментінің тергеу басқармасы жетекшісі Муратов М.Ж.; «Жастар рухы» облыстық филиалы төрағасы, мәслихат депутаты Бекешев С.Е.; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция департаментінің бас маманы Кусаинов А.А.; Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Ермеков Д.А.; облыстық Қоғамдық кеңес президиумының мүшесі, «Жаңару» РОО Ақмола филиалы директоры Плюснин И.Г.; Ualikhanov University комплаенс-офицері Бекнур А.А..

VI маусымның жеңімпазы - Бизнес және құқық мектебінің «Кілттер жүйесі» командасы, капитаны - Бекенова Сэвинэль. Командаға Адалдық кубогы табыс етілді!

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Мұндай шаралар студенттерге тек командалық рух пен бастамашылық танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың адалдық мәдениетін қалыптастырып, әділдік сезімін және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті нығайтады.