Ағымдағы жылдың 15 маусымында Департамент «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық жастар әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнама конкурсының басталуы туралы (бұдан әрі мәтін бойынша - Конкурс) және білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде өңірдің жастары арасында жоғарыда аталған конкурсты өткізу туралы ақпараттық науқан ұйымдастыруды сұрады.
Бүгінгі таңда Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер Ақмола облысынан түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Конкурсқа қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар (жас мамандарды, педагогтарды қоса алғанда) шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отырып, конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде:
- өңірдің білім беру ұйымдарының ресми интернет - ресурстарында және әлеуметтік желілерінің беттерінде Конкурс ережелері туралы ақпаратты орналастыру (жұмыстарды қабылдау мерзімі – ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін, сағат 21.00. Астана қ. уақыты бойынша);
- мессенджерлердің чаттарына Конкурс өткізу туралы сілтемелер жіберу;
- кездесу барысында Конкурсқа қатысуға ынталандыратын әңгімелер өткізу (мысалы, бірыңғай парасаттылық сағаты шеңберінде, TEDx және басқалар);
- конкурсқа қатысушылардың тізімін, сондай-ақ ақпараттық науқанды өткізу туралы мәліметтерді (қосымшаға сәйкес) а. ж. 18 қыркүйегіне ұсыну қажет.