Ualikhanov University жанындағы Мансап орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаменті өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке тарту және осы саладағы мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру.

Кездесуге Агенттік департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Батыркулов Н.Т., мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Сейтмағанбетова Ж.Т., Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Сағадиева Г.М., сондай-ақ мансап орталығының жетекшісі Тажмиева А.А. және Педагогикалық институттың студенттері қатысты.

Диалог алаңы барысында білім алушылар мемлекеттік қызметке диплом алғаннан кейін орналасу тәртібі, іріктеу кезеңдері, сондай-ақ конкурстан тыс тағайындалатын лауазымдар туралы жан-жақты ақпарат алды.

Сонымен қатар қатысушылар мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу жүйесімен, сондай-ақ кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тетіктерімен танысты.

Студенттер өз кезегінде мемлекеттік қызметтегі жалақы деңгейі, мансаптық өсу мүмкіндіктері және үміткерге қойылатын талаптар жөнінде сұрақтар қойып, белсенділік танытты.Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, студенттерге мемлекеттік қызмет туралы маңызды әрі тәжірибелік маңызы бар ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, саналы кәсіби бағдар қалыптастыруға ықпал етеді.