2025 жылдың 11 қыркүйегінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты республикалық ғылыми-танымдық экспедиция өкілдерімен кездесу өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық рухани-мәдени мұраны насихаттау, қазақ этнографиясы мен әдебиетінің көрнекті өкілі Зейнолла Сәніктің ғылыми-шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ студент жастардың этнографиялық-әдеби білімін тереңдету.
Кездесуге ҚЖО басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов, алаштанушы, этнограф, қаламгер Елдос Тоқтарбай, этнограф-ғалым Үзбен Құрманбай, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениетті қолдау қорының Астана қаласындағы өкілі Мирас Мұқаш сынды танымал мәдениеттанушылар, қаламгерлер, этнографтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Сонымен қатар шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Ерланұлы Айтбаев арнайы қатысып, экспедиция жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Аталған кездесуді тарих ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі Сейтқасымов Аманбай Асылбаевич және PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Баят Ерболат жүргізді.
Кездесу барысында 2-3 курс студенттері экспедиция мүшесі, ақын Қасымхан Бегмановтың шығармашылығынан өлеңдер оқып, жас қаламгерлер өз туындыларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл – білім алушылардың рухани-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды.