Алматы қаласында екінші күн Интернационалдандыру бойынша форум: сапаны бағалау және тәсілдер өтуде. Форумды Қазақстандағы Британдық кеңес ұйымдастырды. Іс-шараға бірлескен білім беру бағдарламаларын белсенді іске асыратын британдық және қазақстандық жоғары оқу орындары қатысуда.
Ualikhanov University Ноттингем Трент Университетімен ынтымақтастық орнатып, форумға ЖОО атынан интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Ж.О.Сағындықова және ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Д.С. Рыспаева, біздің серіктестеріміз Мартин Севуар және Доктор Сэм Баркли қатысуда.
Біздің әріптестеріміз серіктестікті одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастық қандай болуы керек, оның сапасы, тәуекелдер және студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін мүмкіндіктердің артуы туралы талқылауда.
Іс-шараға британдық University of Sussex, Nottingham Trent University, University of Ulster, Queens University, Belfast, LSE, De Montfort University, Herriot Watt University, University of Glasgow жоғары оқу орындары және QyzPU, Ualikhanov University, Zhubanov University, Narxoz, AlmaU, Satpayev University, Korkyt ata University, Kozybayev University, KBTU сияқты қазақстандық ЖОО қатысты. Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова, ҒЖБМ Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің төрағасы Әділет Тойбаев баяндама жасады. Форумға, сонымен қатар, Ұлыбританияның Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі, Британ Кеңесінің өкілдері, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы кеңсесінің басшысы қатысты.
Екі күндік форумның нәтижелері қазақстандық және британ университеттері арасындағы трансұлттық әріптестікті дамыту бойынша ұсыныстар болмақ.