Оқу бітіру - бұл айтулы күн, кеше ғана жасөспірімдер, бүгін ересек өмірге қадам басатын түлектер.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті еліміздегі еңселі де беделді оқу орындарының бірі. 60 жыл мерзім ішінде университет мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлап, білім беру саласында орасан зор тәжірибе жинақтады. Біздің түлектеріміз Қазақстанның бар аймағында әр түрлі салада жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық көрсетіп қызмет етуде.

2023 жылдың 27 маусымында дәстүрлі түрде open air форматында жұлдызды түлектерге «Диплом табыстау рәсімі» өтеді.

Іс-шара бағдарламасында: университет әкімшілігі мен ресми қонақтардан құттықтаулар, концерттік бағдарлама, сондай-ақ естелік фотосессия.