Медицина жоғары мектебінде 7М10102 «Медицина» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша...
Медицина жоғары мектебінде 7М10102 «Медицина» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша алғашқы магистрант — Ахметов Нұрбол Ерланұлының магистрлік диссертациясын сәтті қорғауы өтті.
Ғылыми жетекшісі — Игісін Нұрбек Сағынбекұлы.
Магистрлік диссертацияны қорғау медицина және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында мамандар даярлауға бағытталған магистратура бағдарламасы бойынша оқудың маңызды қорытындысы болды. Оқу кезеңінде магистрант ғылыми зерттеулер жүргізудің заманауи тәсілдерін, академиялық жұмыстың әдіснамасын, сондай-ақ жоғары оқу орнында медициналық пәндерді оқытудың негіздерін меңгерді.
Ахметов Нұрбол Ерланұлы жоғары теориялық дайындық деңгейін, практикалық дағдыларын және зерттеушілік құзыреттіліктерін көрсетті, білім беру бағдарламасының барлық талаптарын толық орындап, магистрлік диссертация аясында ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Аталған білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы магистранттың түлеп шығуы магистратураны дамыту мен Медицина жоғары мектебінің ғылыми-педагогикалық бағытын нығайтудың маңызды кезеңі болып табылады.
Магистрант пен ғылыми жетекшісін сәтті қорғаумен құттықтаймыз және алдағы кәсіби әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!