Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылының соңында демалыс күнінде «Тұлпар» спорттық сауықтыру лагерінде...
Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылының соңында демалыс күнінде «Тұлпар» спорттық сауықтыру лагерінде университет оқытушылары мен қызметкерлеріне тимбилдинг өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымның бірлігін нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жеребе тарту арқылы шараға қатысушылардың барлығы командаларға бөлінді. Іс-шараның форматы әртүрлі болды: «OPEN SPACE» тренингі, жарыстар, спорттық ойындар, би флешмобы. Байқаудың белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушылардың белсенділіктерін ескере отырып, күннің соңында команда құру мақсатына қол жеткізілді: ой бірлігі, команда құруға ұмтылыс, сенімділік, жарқын эмоциялар.