Рае Квон Чунг
Ре Квон Чунг – климаттың өзгеруі мәселелері бойынша БҰҰ Бас хатшысының кеңесшісі, 2007 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) құрамында Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты.Оңтүстік Кореяда дүниеге келген. Вашингтондағы Джорджтаун университетін дипломатиялық қатынастар саласында ғылым магистрі дәрежесімен бітірген.1990-жылдардың басынан бастап экология және климаттың өзгеруі мәселелерімен айналысып келеді. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жер саммитіне белсенді қатысқан.2007 жылғы IPCC баяндамасының тең авторы және «жасыл өсу» («жасыл экономика») тұжырымдамасының авторы, оның басты принципі — болашақ ұрпақтың игілігі үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ету.Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер және сауда министрлігінде директор қызметін атқарған. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ЭСКАТО) Қоршаған орта және даму департаментінің директоры болған.