«Shoqan» спорт клубы
2024 жылы құрылған «Shoqan» спорт клубы (бұдан әрі – Спортклуб) «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-ның (бұдан әрі – Университет) спорттық ұйымы болып табылады және білім беру процесіне қатысушылардың барлығын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартуға, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту мен насихаттауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Спорттық клуб өз қызметін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, университеттің Жарғысын, сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Shoqan» спорт клубы туралы ережесін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
- 1. Спорттық клубтың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Университет студенттері мен қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы сауықтыру процесін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын белсенді және мақсатты түрде насихаттау;
- Университетте дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
- Университеттің құрама командаларын қалыптастыру және олардың әртүрлі деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетуі үшін жағдай жасау;
- Турнирлерді, жарыстарды, спартакиадаларды және өзге де спорттық іс-шараларды өткізу;
- Спортты және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, Университет брендин ілгерілету.
- Негізгі жұмыс бағыттары
I. Университеттің құрама командаларымен жұмыс;
II. Спорттық секциялардың қызметін жүзеге асыру;
III. Спорттық іс-шараларды өткізу.
- Құрылымы
Спорттық клуб өз қызметін директордың, менеджердің, жауапты хатшының, жаттықтырушылар-оқытушылар құрамының және студенттік активтің көмегімен жүзеге асырады.
- Материалдық-техникалық база
Спортклубта дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін Университеттің спорттық мүліктері мен жабдықтары, спорт залдары мен спорттық алаңдары пайдаланылады, атап айтқанда:
спорт залы (Ақана сере көш., 24);
гимнастика залы және скалодром (Ақана сере көш., 24, 223-ауд.);
№1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Әуельбеков көш., 70а);
№2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Қуанышев көш., 170а);
Ақана сере көш., 24 мекенжайындағы спорт алаңы;
Абай көш., 76 мекенжайындағы спорт алаңы;
тренажер залы (Ақана сере көш., 24);
теннис залы (№2 ДСК, Қуанышев көш., 170а);
шаңғы трассасы (№2 СДЮШОР, Букпа сопкасы);
25 жұп шаңғыға арналған шаңғы базасы (Ақана сере көш., 24);
күрес залы (№1 ДСК, Әуельбеков көш., 70а);
жүзу бассейні (№7 СДЮШОР, Горький көш., 1 — жалға алу негізінде);
жеңіл атлетика манежі (Абай көш., 116у — жалға алу негізінде).
Әрбір студент өз мүмкіндігін сынап көріп, үлкен мақсаттарға ұмтылатын әрі биік жетістіктерге жететін үлкен команданың бір бөлігі бола алады!