16.04.2025 ж. Ш. Уалиханұлы атындағы Көкшетау университетінде «Түлектер қауымдастығы» мен Педагогикалық институт жанындағы «ELEVATE» ұрпақтар сабақтастығы орталығының қолдауымен шетел тілдері факультетінің түлектерімен кездесу өтті — бұл оқиға шынайы эмоцияларға, ризашылық пен туған факультетке деген мақтанышқа толы болды.

Кездесу басынан-ақ ерекше атмосфераға ие болды — бұл оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Жақупова Айгүл Досжанқызының құттықтау сөзімен басталды.

1965 жылы филология факультетінде неміс және ағылшын тілдері кафедралары құрылды. Неміс тілі кафедрасының меңгерушісі Пальгов О.А. болса, ағылшын тілі кафедрасын Богин Г.И. басқарған.

Шара қонақтары өздерінің құрметті ұстаздарын алғыс сезімімен еске алды: Н.Л. Еремия, Л.А. Миргалиева, Л.Н. Красникова, Р.Г. Машикова, В.А. Белц, Н.Н. Ростовцева, З.Е. Шутова, Р.П. Клаус, В.И. Морокова және басқа да көптеген оқытушылар.

Кеш қонақтарына құттықтау сөзін педагогика ғылымдарының кандидаты Жумагулова Н.С., филология ғылымдарының кандидаттары Немченко Н.Ф., Калиева А.К., Меирманова К.С. жолдады.

Студенттік өмірден жылы естеліктерімен еліміздің әр өңірінен келген факультет түлектері — Жоламанов Б.К., Сакуов Н.Н., Ашимов А.Б., Черепанова Л.В. бөлісті.

Кездесу шын мәнінде жан тебірентерлік және ерекше атмосферада өтті. Шетел тілдері факультеті әр жылдары түлеп ұшқан түлектерді — мамандыққа деген сүйіспеншілік, alma mater-ге деген алғыс және осы байланысты ұзақ жылдар бойы сақтап қалуға деген ұмтылыс біріктіретін жандарды қайта тоғыстырды.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100072212410111

https://www.facebook.com/deutsch.deutsch.94402