Докторантура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе)кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған

Әңгімелесу өткізу кестесі

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

Қаз. 28, 2024 - Қар. 10, 2024

Қабылдау сұрақтары бойынша кеңес беру:

+77162721112

Докторантура бағдарламалары

Бағдарламаларды қарау

  • Еркін нысандағы өтініш
  • Білім туралы құжат (түпнұсқа + көшірме)
  • Жеке куәліктің көшірмесі (өзімен бірге түпнұсқасы болуы керек)
  • ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ)
  • Шет тілін меңгергенін растайтын Сертификат (ағылшын, неміс, француз)
  • Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі, зерттеу жүргізу жоспары
  • 6 сурет 3×4
  • №075-У нысаны бойынша медициналық анықтама
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат
  • Байланыстырғыш-1 дана.
  • Конверт А5-1 дана.

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар ұсынады:

Ағылшын тілі

IELTS Academic

Шекті балл: кемінде 5.0

TOEFL IBT

Шекті балл: кемінде 35

TOEFL PBT

Шекті балл: кемінде 417

TOEIC (Test of English for International Communication )

Шекті балл: кемінде 550

Duolingo English Test

Шекті балл: кемінде 80

Неміс тілі

DSH

B1 деңгейі

TestDaF-Prufung

B1 деңгейі

Француз тілі

TFI

Оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес

DELF

B1 деңгейі

DALF

B1 деңгейі

TCF

B1 деңгейінен төмен емес

Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын университет өз бетінше өткізеді.Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде-жоо-да білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады.Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейін бойынша ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО-ның және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.Білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады: кемінде 100 балл. Докторанттар қатарына қабылдауды докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының қорытындысы және шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын сертификат бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.ЖОО-ға қабылдау кезінде докторанттар білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын дербес таңдайды.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша адамдарды философия докторларын (PhD) нысаналы даярлауға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.