Біздің болашақ магистранттар, кешенді тестілеуге ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ бастаймыз!

💻Тіркелу: 2022 жылғы 1️⃣0️⃣ маусымнан 1️⃣5️⃣ шілдеге дейін app.testcenter.kz сайтында.
⏳Кешенді тестілеудің өзі 2️⃣0️⃣ шілде мен 1️⃣0️⃣ тамыз аралығында өткізіледі.

📍Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
📌КТ тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 1️⃣5️⃣ шілдеге дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі. 
❌Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған дайындық бағыты, білім беру бағдарламалары тобы, тестілеу тапсыру тілі мен қаласы өзгертілмейді.
🗣Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 1️⃣8️⃣ шілдеде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

2022 жылғы негізгі кешенді тестілеу туралы НЕНІ білу қажет❓❓❓

✅КТ-ға өтініш бергенге дейін түсушіге білім беру салаларының, таңдалған БББТ-ның, ЖОО-дан кейінгі білім беру дайындығы бағытының сәйкестігі және КТ форматы бойынша ЖОО қабылдау комиссиясынан кеңес алуы қажет;
✅ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясына сілтемелер www.testcenter.kz сайтында және біздің UTO Telegram арнамызда ұсынылған. Сілтемелер Stories-те көрсетіледі;
✅Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде ҰБДҚ «білім алушы» мәртебесі болмауы керек;
✅Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар түсушілер магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады;
✅Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды.
Оның ішінде: шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық), ОДАТ – кемінде 7 балл, БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен);
✅Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады. 
💸КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
💳Төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.
😉Сіздерден Жеке кабинетіңіздің логин және құпия сөзін сақтау сұралады.