Бүгін, 18 қараша 2021 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінде Ualikhanov University педагогикалық институтының Көкшетау қалалық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған «Педагогикалық сынып» жобасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Бұл жоба оқушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, педагогикалық қызметке деген мотивацияны дамытуға, оқу дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру және сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және қолдауға бағытталған.
2021-2022 жылы «педагогикалық сыныпқа» қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 8-9 сынып оқушылары қабылданады.
«Педагогикалық сынып» таным психологиясы, эмоционалды интеллект, мұғалімнің тұлғасы мен имиджі, қарым-қатынас психологиясы және өзіңді тани біл бағыттары бойынша жүзеге асатын болады.
Кездесулер, консультациялар Көкшетау қаласының № 12 (қазақ тілінде оқытатын сынып) және №6 (орыс тілінде оқытатын сынып) мектеп базаларында офлайн және онлайн режимдерде өтеді.