Бүгін, 23 желтоқсан 2021 жылы университет ректоры Марат Қадірұлы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай университеттің жас ғалымдарымен кездесу өткізді.
«Жас ғалымдармен кездесудің» пленарлық отырысына Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Сыздықов Расул Ермекұлы, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысының орынбасары, университетіміздің түлегі Загребин Александр Витальевич пен университет жас ғалымдары қатысты.
Кездесу барысында Марат Қадірұлы университеттің жас ғалымдарының жеткен жетістіктерін атап өтті. Атап айтсақ, университеттің 2 ғалымына ҚР БҒМ қолдауымен арнайы жоба ретінде қомақты қаржы бөлініп, өз тақырыптары аясында біршама ғылыми жұмыстар, зерттеулер жүргізген. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде университетте «Жастар және ғылым» мен «Startup project» конкурстары, 2020 жылы «Ғылыми тәлімгер» жобасы ұйымдастырылған. Университет студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да ерекше көңіл бөледі. Мәселен, соңғы 2 жылда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы бойынша 10 адам жеңімпаз атанған.
Пленарлық отырыста Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жас ғалымдары болып табылатын 4 спикер: «Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Рыспаева Динара Сарсембайқызы, университеттің ғылыми хатшысы, филогия ғылымдарының кандидаты Тлеубердина Гүлден Тоқатқызы, ғылым және коммерцияландыру депатаментінің жетекшісі, Phd докторы Байдалин Марден Ерсайынұлы, агрономия оқу бағдарламасының докторанты Богапов Ильдар Маратұлы ғылыми баяндама оқыды.
Кездесу соңында университет ректоры әр жас ғалыммен сөйлесіп, әрқайсысының кейстерін жеке қарап, «жас таланттарды қолдау» қорын ашатындығын айтты.
Жас ғалымдар да университет басшысының арнайы уақыт бөліп, әрбір ғалымның, жас ұстаздардың өміріне қызығушылық танытып, қолдау білдіріп жатқандығына жылы лебіз бен мол алғысын білдірді.