Бүгін Ualikhanov University-де ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» тақырыбында съезд өтті.
Аталған шараға 300-ден астам адам қатысты. Атап айтсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшылары, жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері, жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институтының мамандары, Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкіметтік емес ұйымдар мен баспалардың өкілдері болды.
Съезд жұмысы 2 бөлімнен: секция жұмыстары және пленарлық отырыстан тұрды.
Секция жұмыстары 4 бөлімді құрады:
1️⃣ «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны»;
2️⃣ «Сапа өлшемшарттары және менеджмент»;
3️⃣ «Ойын – баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы»;
4️⃣ «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі».
Съезд барысында Мәскеу қалалық педагогикалық университеті және Ресей ғылымдары академиясының И.П.Павлов атындағы физиология институтының сарапшыларымен онлайн трансляция жүргізілді.
✅ Қатысушылар съезд тақырыбына сәйкес пікір алмасып, съезд жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылдады.
✅ Сонымен қатар, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларынан арнайы келген «Арман-ПВ», «Keleshek-2030», «Shug’ylakitap», «Алматыкітап», «bilimkids.kz» баспалары мен «Four angles», «Academix.kz» компаниялары көрме ұйымдастырды.
✅ Секция жұмыстары мен көрме қонақтар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.