Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты, білім мен ғылымды нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Университетімізден педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жахина Бәрия Бадыққызы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» белгісімен; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өтегенов Марат Зеннатұлы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЕҰУ-да өткен салтанатты жиын үстінде табыс етті.
Мемлекеттік награда құтты болсын! 🏅🇰🇿