Студенттер қазылар алқасы жұмысымен танысты.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетігің «Құқықтану»мамандығының студенттері Ақмола облыстық сотына келді. Жас заңгерлер облыстық соттың оқу орталығының жұмысымен танысты.
Залда облыс соттары студенттерге сот органдарының ақпараттық технологияларын таныстырды, еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесінде болған өзгерістер туралы дәрістер оқыды. Мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізеді. Сот мүшелерімен тығыз қарым-қатынас кезінде бұл тәсіл жоғары оқу орындарында жаңа формациядағы заңгерлік кадрларды даярлауға септігін тигізеді.
Бұл шараның студенттерге сот жұмысының ерекшеліктерімен танысуда, теориялық және практикалық білімде қажетті тәжірибесін жинақтауда берері мол. Осы мақсатта студенттер жыл сайын соттарда оқу-өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтеді.
Шара барысында Соттар Әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек студенттерді қарсы алып, сот ғимаратында экскурсия өткізді.
Жаңа электрондық сервистердің сот төрелігін жүзеге асырудағы артықшылығына тоқталды. Сонымен қатар, заңгерлік мамандық бойынша оқып жатқан кадрлардың жұртшылық арасында құқықты сауатты көтеруге және жалпы қоғам мен мемлекет мүддесін қорғауға міндетті екендерін атап өтті. Студенттерге сот процесіндегі дыбыс-бейне жазу жүйесінің жұмыс қырларын көрсетті.
Сонымен қатар, бейнеконференц байланысы арқылы Көкшетау өңірінің қалалық сотына қосылып, сот төрелігін қашықтықта жүзеге асыру мүмкіндігі туралы баяндады.
Заң ғылымдарының докторы Тилеубергенов Е.М.,
Заң ғылымдарының магистрі Сокова А.Т.,
​​​Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.