«ТМД – достастық елдері арасында саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды сақтап, нығайтуға зор ықпал еткен беделді халықаралық ұйым. Бірлескен жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйым шеңберінде білім мен тәжиірибе алмасып, күш біріктіру маңызды», - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен болатын.
Осы мақсатта "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен "ТМД-ның үздік студенті" атты халықаралық байқауға Жоғары медицина мектебінің 2 курс студенттері: ОМК-202 тобының білім алушылары Лаура Жарылқасын мен Азалия Мухаммедина қатысып, "ТМД-ның үздік студенті" атты халықаралық кітап жинағына енгізіліп, диплом және төсбелгімен марапатталды.
Байқауға 1500-ден аса студент қатысып, ішінен 120 студент үздік деп танылды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!