Құрметті қазақстандықтар, әріптестер, достар! Баршаларыңызды бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – қазақтың Жаңа жылы, күн мен түннің теңелер уақыты. Наурыз бұл мереке ғана емес, сонымен қатар, бұл – көктем айының келуі, жер көгеріп, табиғат Ананың, тіршіліктің жаңаратын уақыты 
Бұл мерекеде үлкендер төс қағысып, көптен бері реніште жүрген адамдар татуласқан.
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
қайда жүрсеңіз де жол болсын.
Ұлыс береке берсін,
пәле-жала жерге енсін.
Осы ұлы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт, шығармашылық табыс тілейміз. 
Наурыз мейрамы баршамызға бақ-береке, ашық аспан, баянды бақыт, шуақты күндер әкелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 
Ізгі ниетпен,
Ualikhanov University ұжымы.