17 қараша 2021 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінде Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Мусина Айнагуль Советқызымен «Халықты «COMIRNATY» (Pfizer l-BioNTech, АҚШ) мРНҚ вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге университет басшылығы, факультет ұстаздары қатысты.
Кездесу барысында Айнагүл Советқызы коронивирустың таралуының эпидемиологиялық аспектілерін белгілеп, өңір бойынша өзекті статистиканы келтірді. Сондай-ақ, ел шеңберінде вакцинация алу қарқыны мен еліміздегі жағдайды өзге елдердегі статистикамен салыстырылды. Екпе алудың жанама әсерлері (аллергияның болуы, т.б.) мен артықшылақтарына тоқталып өтті. Ұжымдық иммунитетті дамыту үшін халықтың кемінде 60 пайызы жаппай екпе алу қажеттілігін атап өтті.
❓❗ Pfizer вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) тіркелген, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады.
Қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне Pfizer вакцинасы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде. 11 қарашадан бастап елімізге бұл вакцинаның 4 миллион дозасы әкелінді, бүгінде 5000 адам аталған вакцинамен екпе салдырған. Елімізде бұл вакцина балалар мен бала емізетін әйелдерге тегін салынады.
Кездесу соңында мұғалімдер бас санитарлық дәрігерге сұрақтар қойды. Айнагүл Советқызы кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, бетперде киіп, үнемі сақтық шараларын сақтау керек екендігін ескертіп, адам үшін ең құнды – денсаулықты және айналадағыларды қорғауға шақырды.