2022 ЖЫЛДЫҢ 12-13 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА UALIKHANOV UNIVERSITY-ДЕ ОРЫС ЛИГАСЫНЫҢ "SHOQAN CUP I" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған дебатқа Қазақстанның Нұр-Сұлтан (ДК «Парасат», «Номад», «Орда»), Қостанай (ДК «Ахмет Ұрпактары»), Петропавл (ДК «Император»), Көкшетау (МК «Правда», ДК «Молот») қалаларынан және Ресейдің Челябинск қаласының (ЮУрГУ) командалары қатысты.
    Жақында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өскелең ұрпақтың пікірсайысқа қатысуы күнделікті ақпарат ағынына сын көзбен қарауға көмектесетінін, бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы адамдар бір-біріне деген сенімін және әлеуметтік байланыстарын нығайтатындығынын айтты.
Республикалық дебат турнирі де осы мақсатты көздеді.
Турнирдің бас төрешесі Айбике Жагипарова және оның орынбасарлары Элина Амурлаева мен Арман Башир финал қорытындысы бойынша әділ бағаларын берді.
    Төрешілер шешімімен «Жастар финалының» қорытындысы бойынша:
IV орынды «Арета» командасынан Уәли Күзенбай мен Камила Туружанова;
III орынды «Кира Львовна» командасынан Нұртай Алихан мен Диас Уалиханов;
II орынды «Йегеристки Имнида» командасынан Ақерке Орынбасарова мен Дильназ Сапарбек;
I орынды «Триада» командасынан Әділхан Алпысбай мен Азамат Шмитов иеленді.
    «Турнир финалының» қорытындысы бойынша:
IV орынға «Вне дебатов..., но в дебатах апостол» командасынан Елдос Муслим мен Ролан Мұхитжан;
III орынға «Без света: Родриго возвращается» командасынан Арсен Абулгазимов және Мади Нұрланұлы;
II орынға «Harvard A» командасынан Диас Ержанов пен Алексей Пахомов;
I орынға «Грибочки» командасынан Әмірлан Қасымов пен Жансая Канагатова қол жеткізді.
    Сондай-ақ «Турнирдің үздік төрешісі» атағы Әлинұр Бейсенбай;
«Турнирдің үздік жас спикері» номинациясы Әділхан Алпысбай;
«Турнирдің үздік спикері» номинациясы Әмірлан Қасымовқа берілді.
Турнирдің кешкі жабылу салтанатында университеттің әлеуметтік және мәдени даму проректоры Байтук Ғалым Симбекұлы жеңімпаздарға сертификаттарды табыстады.