2022 жылдың 12-13 сәуірінде "Семей медицина университеті" КеАҚ-да Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған халықаралық қатысумен "Ғылым және денсаулық" білім алушылардың 64-ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – ҚР медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары арасында ғылымды дамыту.
Конференцияны ҚР ДСМ Медициналық ғылым және адами ресурстар басқармасының басшысы, м.ғ.к. Әукенов Нұрлан Ерденұлы құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы – "СМУ" КеАҚ ректоры, м.ғ.д., профессор Алтай Дүйсіпов құттықтау сөз сөйледі.
Екі күн бойы іргелі, стоматологиялық ғылымдар, психиатрия және психология секцияларында, хирургиялық және аралас пәндер, қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология, педиатрия, фармация және фармакология, инфекциялық аурулар, терапевтік және аралас пәндер секцияларында отырыстар, сондай-ақ пленарлық отырыста баяндамалар оқылды.
"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ медицина жоғары мектебінің өкілдері қатарында ОМК-93 тобының студенті Армангүл Ербол "Ақмола облысындағы COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі эпидемиологиялық жағдайды талдау, туберкулезге қарсы іс-шараларды мониторингілеу және бағалау" тақырыбымен баяндама жасап, дипломмен марапатталды.
№2 хирургиялық және аралас пәндер секциясында ОМК-94 тобының студенті Елдос Сатыбалдинов "Медицинадағы көміртектің жаңа аспектісі" тақырыбы бойынша және ОМК-202 тобының студенті Аруна Қуанқызы "Заманауи феталдық хирургия" тақырыбымен баяндама жасап, сәйкесінше III және I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жұқпалы аурулар секциясында ОМК-93 тобының студенті Аружан Мусылман "Ақмола облысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың тиімділігін бағалау" тақырыбымен баяндама жасап, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
№1 терапевтік және сабақтас пәндер секциясында ОМР-92 тобының студенті Наргиз Қадыр (Меңдібаева) "Сovid-19 қант диабетіне әсері" тақырыбымен сөз сөйлеп, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!