2022 жылдың 20 мамырында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институттың ұйымдастыруымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік мекемемен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.
Жиында С.Сәдуақасов атындағы агротехникалық институттың директоры Жапарова Саягүл Бекетқызы модераторлық етті.
Кездесуге Ақмола облыстық аумақтық инспекцияның қызметкерлері мен "агрономия" және "агрохимия" білім бағдарламасының студенттері қатысты.
Іс-шарада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Айтқожин Қанат Қажығалиұлы мен мекеме қызметкерлері түлектерге аталған мекеменің қызметі туралы баяндап, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тартудағы негізгі мақсаты туралы айтты.
Жиын барысынды студенттер мемлекеттік қызметке жұмысқа тапсырудың тиімді тәсілдері мен аталған мекемедегі бос орындар секілді сұрақтарға толықтай жауап алды.