2022 жылдың 22 сәуірі күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Үздіксіз білім беру инстиутының ұйымдастыруымен 72 сағаттық "Орман шаруашылығын және орман ресурсын қорғау" атты бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысушыларының марапаттау рәсімі өтті.
10 күндік курс шеңберінде қатысушылар орман ресурстарын жедел басқару саласында біліктілікті арттыру, ормандарды өсіру, қорғау және экожүйені сақтаудың озық технологияларын тиімді пайдалану, Қазақстандағы орман шаруашылығына қатысты нормативтік құқықтық актілерді білуге дамытуға ерекше көңіл бөлініп, курс қатысушылары силабуста бекітілген тақырыптар бойынша тілдесіп, аудиторияға тәжірибелік қабілеттерін дамытты.
Іс-шарада университеттің ғылыми жұмыс және аймақпен өзара әрекеттесу жөніндегі проректоры Жакупова Айгүл Досжанқызы курс қатысушыларын арнайы сертификатпен марапаттады.