2022 жылдың 8 сәуірі күні Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде ЖАЙДАРМАН ойыны өтті.
Ойынға Педагогикалық институттан Шоқан командасы, Жоғары медицина мектебінен Дофамин командасы, С.Садуақасов атындағы Агротехникалық институттан Вундеркинд және Бизнес және құқық жоғары мектебінен 5К 1 тиын, Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжден 71-72 командалары қатысты.
Ойын барысы 3 сайыстан тұрды: сәлемдесу, бес әзіл және әуенді үй тапсырмасы.
Әділқазылар алқасының шешімімен 1 орын – С.Садуақасов атындағы Агротехникалық институтының ВУНДЕРКИНД командасына бұйырды.
2 орынды Педагогикалық институттың ШОҚАН командасы,
ал 3 орынды Бизнес және құқық жоғары мектебінен 5К 1 тиын командасы иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталды.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және ойынның ұйымдастырушылары Нұржан Сапар, Біржан Әбу, Орынбасар Серікбайға алғыс білдіреміз!