2022 жылдың 12-і желтоқсанында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық ақыны, Түрік халықтарының арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны, Нобель алтын медалінің иегері, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Шаханов поэзиясы – рухани қазына» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кештің қонағы болып педагогикалық институт директоры Бексеитова Ақбота Тастанбекқызы, кафедра меңгерушісі Молгаждаров Қасиет Кәкенұлы және кафедра оқытушылары қатысты.

Кеш барысында көпшілікке «Танакөз», «Сенім патшалығы», «Күре тамырды іздеу», «Махаббатты қорғау», «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты» сияқты кесек туындылар сыйлаған ақын Мұхтар Шахановтың асқақ пафосты, өршіл рухты поэзиясынан үзінділер оқылып, жүректі тебірентер әндер шырқалды.