2022 жылдың 23 желтоқсан күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбайдың 80 жылдығына арналған "Сексен көлдің сылдыры" атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешті модератор PhD Баят Ерболат жүргізіп отырды. Алғашқы құттықтау сөз университет ректоры Сырлыбаев Марат Қадірұлына берілді. Төлеген Қажыбайдың әдеби мұрасын зерделеуде ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы "Сезім болып бұрқанған Төлеген-жыр", PhD., қауымдастырылған профессор Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы "Төлеген Қажыбай поэзиясындаы табиғат бейнесі", ақынның ұлы, ф.ғ.к., профессор ассистенті Қажыбай Аян Төлегенұлы "Бұқпарнас (Әке рухына мінажат)" атты баяндамалар оқылды. "Жауқазын" театрының студенттері ақынның өлеңдерін тамылжытып оқыды. Белгілі қоғам қайраткерлері, Білім саласының ардагерлері Мұқышев Тельман Шәріпұлы. Тоқмурзин Шабдан Хамитұлы, Ғосман Төлеғұл Төлеген Қажыбайдың азаматтық, ақындық қырлары турасында естеліктерімен бөлісті. Кешке қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс студенттері қатысты.