2023 жылдың 26 қыркүйек күні «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ жанындағы 8D023 «Тіл және әдебиет» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Искакова Гульгуль Женисовна «Қазақ және қырғыз жазушыларының көркем шығармаларындағы авторлық модальдылық және оның берілу жолдары (Ә.Кекілбаев, Ш.Айтматов шығармалары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Диссертация Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілері:

Шапауов Алиби Кабыкенович – филология ғылымдарының кандидаты, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры.

Шалабай Бердібай – филология ғылымдарының докторы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры.

Петер Коста – филология ғылымдарының докторы, Постдам университетінің профессоры (Германия, Постдам қ.).

6D020500 - Филология» мамандығының докторанты Искакова Гульгуль Женисовнаны диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтаймыз.