2023 жылы 27-28 сәуірде ЕҰУ университетінің кітапханасы негізінде «Университеттің интеграциясындағы академиялық кітапханалардың рөлі әлемдік ғылыми кеңістікте» тақырыбында «Университет кітапханасының дамуындағы қазіргі әлемдік трендтер» 2023 жылғы XI- халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – кітапханалардың интеграциясындағы рөлін көрсету және ғылыми-технологиялық даму тенденцияларын дамыту.

Пленарлық отырыста академиялық кітапханаларды дамытутың әлемдік тенденциялары тыңдалып, олардың қызметін жетілдіруге көмектесу мақсатында маңыздылығы талқыланды.

1 бөлімде спикерлер Назарбаев Университеті және шетел университеттері кітапханаларының тәжірибесі жайлы, ғылыми зерттеулерді басқару бойынша стратегиялық және жедел шешімдер қабылдауға арналған ақпараттық ресурстар туралы мәліметтермен бөлісті.

2 бөлімде білімді, ғылымды және мәдениетті кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз ету динамикасы, кітапханаларды цифрландыру, «IEEE басылымдарында мақалаларды дайындау және жариялау стратегиялары» жайында тренинг презентациясы арқылы мәлімет қорымен таныстырды.

3 бөлімде қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім мен көмек кеңістігін кеңейтудегі ғылыми электрондық кітапханалар мен білім беру деректер базаларының рөлі, Қазақстанның кітап нарығы: заманауи проблемалар мен даму перспективалары қарастырылды.

EBSCO, EdTech, RFID технологиялары, Elsevier, AIBS «MegaPro» электрондық жүйелерінің мүмккіндіктері қарастырылды.
Кітапхана басшылары үшін нормативті құжаттарды сақтау, басқару және қолжетімді түрде қарау жайлы ережелері туралы түсіндірме ақпарат берілді. Қатысушылар сертификат иеленді.