23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқық күніне арналған «Кітап – рухани қазына!» атты мерекесі Ualikhanov University-де өтті. Бұл күн әлем бойынша 1996 жылдан бері аталып өтеді. Авар халқының ұлы жазушсы Расул Ғамзатов: «Өзіңді тану үшін, өзгені тану үшін кітап оқу қажет» деп кітап оқудың әр заманда да өзекті екенін дәлелдеп кеткен. Университет кітапханасында да жылда осы күнге орай бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті оқытушыларының ғылыми еңбектеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Студенттердің арасында түрлі байқаулар, ақпараттық сағаттар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: заманауи технологиялар ғасырында жеке тұлғаның өзін-өзі танып, білімді болуы үшін кітап оқудың, оны жазудың маңыздыздылығын атап көрсету. Жас буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, электронды кітапты дұрыс пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат беру. Сонымен қатар,«Белсенді кітапхана оқырманы» номинациясы жеңімпаздарын, кітап күніне орай ұйымдастырылған бас демеушіміз Утенов Азамат Серикқанұлының байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Кеш қонақтары:

  1. Сагындыкова Жайлагуль Ораловна – Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор.
  2. Жетпісқалиев Серік Сапарұлы – Жерлес жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.Көкшетау ҚАКЖ директоры.
  3. Карашин Жасұлан – Ақнурпресс электронды кітапханасының, HI-Tech Lab компаниясының менеджері.
  4. Қыстаубаев Нұрлан Олжабайұлы – Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті «Кітапхана ісі» мамандығының түлегі, қалалық электронды кітапхананың меңгерушісі, Темірқазық ұйымының жетекшісі, Көкше телеарнасының дикторы, көркемсөз оқу шебері.