2023 жылғы 28 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағыы Көкшетау университетінде «Студенттік ғылым әлемі-жаңа мүмкіндіктер» атты студенттердің жыл сайынғы ғылыми – практикалық конференциясын өткізді. Бұл конференция 15 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Конференцияның пленарлық отырысында университетіміздің студенттері және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті: Ескендер Азат, «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті; Қуанышбай Алтынкуль, «Негізгі мектептегі химия-биология» (көптілді оқыту) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті сөз сөйледі; Токимова Аяулым, «Математика-Физика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті; Ержанова Салина, «Ғылыми тарих» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті; Унайбекова Альмира, «Банк ісі және қаржы менеджменті» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті; Кадирали Арайлым, «Агрономия» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті; Бақытжанқызы Інжу, «Логистика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті (Алматы қ. "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ). Конференцияда 350 ғылыми мақала ұсынылды. Конференция қатысушыларына ғылыми жетістіктер тілейміз. Конференцияның толық бағдарламасы мен материалдары (пленарлық отырыс спикерлерінің тұсаукесерлері, қарар, конференция жинағы) университет сайтында «Ғылым" бөлімінде, «Ғылыми конференциялар» кіші бөлімінде орналастырылады