Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, студенттер!

Биылғы оқу жылы біздің университет өз дамуында айтарлықтай ілгерілеп, өңірде және одан тыс жерлерде белсенді ұстанымдарымен және ұжым мен студенттердің үйлесімді жұмысының арқасында өте жоғары нәтижелер көрсетті.

Атап айтатын болсақ,

Ualikhanov University алғаш рет "Сапалы білім" санаты бойынша үздік 300 импакт-рейтингісіне еніп отыр.

"Ualikhanov University – парасатты университет" жобасы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Мерейтойлық жыл аясында жаңа атрибуттармен белгілендік: ғарышқа сапар шегіп келген вымпеліміздің өзі бір тарихи іс-шара, сонымен қатар Ш.Уалиханов университетінің 60 жылдық тарихын бейнелейтін пошталық марканың шығуы, университетімізге атқарған қызметтері үшін арнайы белгіленген 1, 2, 3 дәрежелі медальдарды атап айтуға болады.

Жетістік қоржынына біздің студенттердің Республикалық пәндік олимпиададағы жоғары жетістіктерін қосуға болады.

Жылдың тағы бір жетістігі біздің түлектеріміз - педагогтарымыз Ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 4-ші орынға ие болып, жоғары дәреже көрсетуі.

Сондай-ақ, түлектерге аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері бар өз үлгісіндегі дипломдарды тапсыру маңызды оқиға болды.

ҚР Ішкі Істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Тергеушіге апаратын жол» атты республикалық челленджіне қатысып, абыроймен атқарып, жоғары деңгейде өткізгені туралы атап айтуға болады.

Құрметті Ш.Уәлиханов университетінің ұстаздары мен студенттер қауымы!

Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын деп тілеймін!

Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!