Бүгін Ualikhanov University мемлекеттік білім беру гранттарына қатысу үшін құжаттарды қабылдауды бастады. Қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады.1. Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы. Бұл ретте тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады;2. Онлайн. Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды;3. Онлайн. Egov.kz порталы арқылы.

Талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.