Ualikhanov University-де «Ұлттық қазына» жобасы аясында өтіп жатқан «Jeti Qazyna» зияткерлік додасының екінші айналымы өтті.
Оқытушылар, қызметкерлер мен студенттерден құралған командалар тарих пен мәдениетке қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын сынады.
«Jeti Qazyna» республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасының мақсаттарымен үндеседі. Ойын кітап оқуға қызығушылықты арттыруға, логикалық ойлау мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жеті кезеңнен тұратын доданың жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге. Барлық командаға алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!