Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Британдық Nottingham Trent University ЖОО-мен әріптестік қатынастарды дамытуға арналған Interlinks Британдық Кеңесінің грантын жеңіп алды.

Жобаның міндеті TESOL элементтерін «шет тілі: екі шет тілі» магистратура бағдарламасына енгізу болады.
Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында университеттің 22 оқытушысы сертификатталған TKT тестінен өтті. Тестке дайындыққа Nottingham Trent университетінің жаттықтырушылары көмек қолын созды.

Жоба 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың наурыз айына дейін іске асырылатын болады.